Эссе шайтанкол 70 слов​

+93 голосов
6.4m просмотров

Эссе шайтанкол 70 слов​


Қазақ тiлi | 6.4m просмотров
Дан 1 ответ
+170 голосов

Ответ:

Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерінің бірі - Қарқаралы. Қарқаралы сілеміндегі көлдер мен өзендер, таулар мен қайыңды-қарағайлы ормандар ерекше сұлулықтарымен көз тартады. Қарқаралы жері - тұнып тұрған аңыз-ертегі. Солардың ішінде Шайтанкөлдің адам білгісіз керемет сыры бар. Шайтанкөл биіктігі шамамен 1200 м болатын Бұғылы тауының ең биік аңғарында, тау шыңында орналасқан. Оның бір беткейі еңкіштеу. Ал екінші жағы құлама тік жар. Таудың ең биігінде шағын тостағанға ұқсайтын мөп-мөлдір көл жатыр. Ұзындығы - 60 м, көлденеңі - 40 м. Бұл көлдің Шайтанкөл аталуы тегін емес. Себебі тостағанның орта тұсы қап-қара болып, иірімденіп жатады. Көлге түсіп шомылуға адам өзінен-өзі жүрексінеді. Тағы бір қызығы - көлдің қарсы жақ жағалауларының арасының алыс еместігіне қарамастан, кейде келесі жағадағы адамдар көрінбейді. «Шайтан алып кетті ме, қайда кетті?» дегеннен Шайтанкөл атанып кеткен екен дейді. Шайтанкөлдің таудың ұшар басына орналасуының өзі табиғаттың құдіреттілігі.

Объяснение:

(32 баллов)