Ответ:
Адамзаттың қиял-ғажайып ертегі -аңыздарда айтыла беретін жетістіктерге қол жеткізуі, мұхит асына сүңгіп, жеті қат көкке самғауы – бәрі-бәрі ХХ ғасыр жетістігі. Оны ешкім жоққа шығар алмасы хақ. Дегенмен, сол өткен ғасырда «ғасыр өтірігі де» айтылып қалды. Онда да жай адам не болмаса елеусіз мемлекет тарапынан емес, аты-шулы АҚШ-тың аузымен айтылды. Әлем халқы сенді. Өйткені сенбеске болмайтын еді. Десек те «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, уақыт өте келе, АҚШ-тарапынан айтылған ғасыр өтірігін «өтірік» деп қолдан келгенше дерек-дәйектермен түсіндіргендер көп. Иә, ХХ ғасырдың өтірігі ол не, неге айтылды? Енді соған келелік. Ол – АҚШ ғарышкерлерінің айға қонуы болатын. Арада қанша уақыт өтсе де, оны жоққа шығаратындар саны кеміген емес. Қайта түрлі деректерді алға тартып, «Американдықтар айға ұшқаны рас. Ғарышты зерттеуге арналған «Аполлон» бағдарламасы болғаны да рас. Бірақ Армстронг бастаған ғарышкерлер 1969 жылдың 20 шілдесінде айға қона алған жоқ. Дүние-жаһанға тараған суреттермен, телеарнада берілген оқиғалар тізбегі Айда емес, жерде де, онда Голивудта жасалған» деген дәйекті алға тартады. Неге? 1969 жылы 20 шілде де «Аполлон-1» ғарыш кемесі айға қонды. Адамзаттың тарихында ерекше орын алатын ұлы оқиғаны әлемнің жарты миллиард халқы теледидар алдында отырып көрді. Кеме сатысы арқылы төмен түсіп, айдың бетіне алғаш қадам басқан ғарышкер Нил Олден Армстронг еді. Ондан кейін айдың бетіне қадам басқан, экипаждың екінші мүшесі Эдвин Альдрин. Ал үшінші ғарышкер Майкл Коллинз кемеде қалды. Айдың бетіне АҚШ туын қадап, лунаходпен шарлап, 22 келі топырақ алған олар кері оралды.... Дәл осы көріністер кейінен кейбір ғалым-оқымыстылар тарапынан сынға ұшырады. «Мұның бәрі жерде жасалған, жалған» десті. Әрине нақты деректерді алға тартты... НАСА-ның өтірігін айғақтауға ұмтылған жандардың бірі һәм бірегейі үлкен интелекті иесі, білікті инженер Ральф Рене. «Айға қону болған емес.Барлық суреттер мен фильмдер жерде, арнайы жабдықталған павильонда жасалды» дейді инженер. Оған Британдық зертеушілер Дэвид Перси және Мэри Беннет те қосылады. Олар мынадай айғақтарды алға тартады.
1. Фильмда айға тігілген ту желмен сәл қозғалып тұр. Ақиқатын айтар болсақ, ол жерде атмосфера жоқ. Онда тудың желбіреуіне жол болсын.
2. Ғарышкерлер лунаходпен жүргенде, дөңгелектерден тас ұшып жатыр. Тура жердегідей. Ғарышта тартылыс күші жердегіден 6 есе кем