Ответ:
Қазіргі қоғамдағы кітапханалардың маңызы зор екендігіне толық келісемін.Кітапхана-мәдени -ағартушылықтың ошағы.Қазіргі қоғамымызда кітап пен кітапхана болмаса,адамзат рухани білімдерін жетілдіріп отырмаса,барша адамзаттың сауатсыздануы,оның рухани құлдырауы басталар еді.Кітапханалар бізге - әлем әдебиеті мен мәдениетін насихаттайды,еліміздің тарихын,салт-дәстүрін,мәдени мұраларын және зиялы қауымның өмірімен,шығармашылығымен таныстырады.Сондықтанда жасөспірімдердің кітапқа құштарлығын мектеп кітапханаларынан бастау алғаны дұрыс.Мектеп кітапханашыларының міндеті - жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.Әр түрлі диспуттар,қазақтың атақты жазушыларының әдеби сазды кештерін өткізу,оқылған кітаптардан викториналық сұрақтар қойып,оқырмандардың санын көбейтіп,жеңімпаздарға сыйлыққа кітаптар ұсынып,кітап оқуға баулу қажеттігі бүгінгі заманның алға қойған мақсаттарының бірі.Әр мектеп кітапханасында осы бағытта жұмыстар атқарылса,кітап оқырмандары көбейе түсер еді.Кітапханаға келіп кітап оқитын оқушылардың рухани санасы өзге оқушыларға қарағанда ерекше болады.Кітап оқу - әділдік,бауырмалдық,патриоттық қасиеттерді қалыптастырады.Бүгінде еліміздің алға қойған мақсаты - дамыған елдермен тереземіздің тең болуы.Әлем елдерімен бірдей болғымыз келсе мәдениетімізді,білімімізді,рухани жаңғыртуымыз керек.Ол үшін бізге кітап пен кітапханалардың көмегі тиері сөзсіз.Кітапхана мәдени ғимараттарды жаңа заманға сәйкес жаңарту,оқырманға жайлы оқу залын ұсыну,кітап қорларын толықтыру арқылы кітапхананың маңызын жоғары көтеру қазіргі заманның үлесі.Сөз соңын Әбіш Кекілбаевтың:Адамды адам еткен - кітап,адамзат еткен - кітапхана,-деген сөзімен аяқтаймын.