Объяснение:
Таңертең анам ұйқыдан тербетіп оятқан сәтте, мен бірден терезеге қараймын. Арайлап атып келе жатқан таң нұры менің бетімді қытықтап, қйқымды шайдай ашып жібереді. Көңіл-күйім демде көтеріліп, қуанышпен мектепке жиналамын. Ал мектепте мен достарым, сыныптастарым мен ұстаздарым күтіп тұр. Мектепке барар жолда көлік терезесінен көшеге көз саламын. Ағылған көліктер, жан-жаққа асыққан адамдар - бәрі-бәрі маған сондай ыстық! Күнде көріп жүрген көрініс болса да әрқашан жан-жағыма қызықтай, қуана қараймын. Кейде қиялым әлемді шарлап кетеді. Д осл осы сәтте жер шарының әр түкпірінде түрлі жағдайлар болып жатуы мүмкін. Біреулер аштықтан әлсіресе, біреулер суықтан тоңып жатуы мүмкін. Енді біреулер жүректері жарыла қуанып жатса, басқа біреулер қиналып жылап жатуы мүмкін. Тағы бірулер адасып жүрсе, баз біреулер іздегенін тауып, қуанып жатқан болар.