Ответ:
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жуалы аудандық Б.Момышұлы мемориалдық музейі 1995 жылы 5-мамыр күні салтанатты түрде ашылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Ғимараттың ауданы 259,4 кв.м., 6 бөлмелі, 1 қабаттан тұрады. Кірпіштен соғылған.
Музей қорында жалпы 2444 жәдігер бар, ал экспозициясы келушілердің Кеңес Одағының батыры Бауыржан өмірімен, ерлігімен толық таныса алу үшін өте мазмұнды жасақталған. Онда Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жеке заттары, көптеген фотосуреттері, құжаттары, кітаптары, соғыс жылдарындағы және бейбіт өмірде алған марапаттары, Б.Момышұлының шет елде шығарылған кітаптары, шетелдік іс-сапарларда батырға сыйланған кәдесыйлары қойылған.