Ответ:Ғылым жолы – қысқа жол. Кейде оның ұшар басына қиялап қыран, өрмелеп жылан шыға алмай жатады. Оған тырбанып тырнақ ілсең көлеңкеде емес, күн көзі шыжғырып тұратын күнгейден көрінуің керек. Сонда еткен еңбек, төккен терің ақталады. Болмаса, ел үшін емес, тек өзі үшін құр атақ арқалап жүргендердің қатарында қаласыңСоңғы он жылдан аса уақыт ішінде ол Америка мен Еуропа, Жапония, т.б. елдердің гранттары мен сыйлықтарын жеңіп алып, сол жақта ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Таза ғалымды тап басып танитын шетелдіктер Асқарды академияларына құрметті мүше етіп сайлады.Біраз жұрт өз мамандығының төңірегін шиырлап жүрсе, Асқар математика әлемінен ұзағанда, қазақ өнері мен әдебиетіне ойысып кетеді. Тап осы саланы зерттеп жүрген мамандай тың да тосын ойларды тоғытқанда адам қабілетінің шексіздігіне қайран қаласың. «Біз ұлттың ұлы екенін танытқан ұлыларды құрметтегенде, оның табиғатын терең танып, талғамы неде, тәлімі қандай, қайтсек соны ойға сіңіреміз, демей көбіне дүрмек пен мақтауға жол беріп, артынан түк болмағандай басыла қалатынымыз бар. Жас таланттарды қолдап-қолпаштау да кейде соның кейпін киіп жатады». Өз ойын осылай түйіндеген ғалым ендігі сәтте ғылым саласына қайта оралып етек алып бара жатқан девальвация, профонацияға ойысады. Қолына бор ұстап, тақта алдында тұрмай-ақ, бір шәкіртке дәріс бермей, кандидат, артынан доктор бола қалатындарға таңданыс білдірді.Ұлтын ұлықтап, халқын қадірлеген, ел болашағы дегенде ағынан жарылар азаматтың әр сөзінен түйер түйін аз емес. Тыңдап отырғанда: «Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін», — деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының үш жол өлеңі ойға оралды.
Объяснение: