Вот текст ответьте на вопросы. Ответ нужен до 15.05.20г примерно до 9:00 - 9:30. Заранее спасибо
Менің апам-қолы алтын, құдіретті әйел еді. Қазақта осындай мықты, ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы! Ертеректе қазақ әйелдері не істеу керек болса, түгел апамның қолынан келетін. Үлкен әпкем-Шолпан тұрмысқа шықты. Әпкемнің жасауын апам өзі дайындады. Бір айдың ішінде жіп иіріп, оюлап сырмақ жасады, киіз басты. Тұскиіз бен құрақкөрпе тікті.Апам менің......Жаз өтіп, қылышын сүйретіп қыс келді. Орман-тоғай, тау-тас аппақ. Алтай өңірінің әрі жүдеу, әрі көңілді шағы туды. Апам етегін дөңгеленте белін қынап тігіп берген, қарағайдың қабығына бояған қызыл тонымды, тері қолғабымды, елтірі тымағымды, табандатқан ақ пимамды киіп, қол шанамды (оны да қайыңнан иіп шабақ салып, апам істеп берген) сүйреп ойнауға шығамын. Сонда Әңгіштайдың өзім секілді бар баласы маған қызыға да қызғана қарайтынын сезетінмін. Жағымсып менімен дос болуға, менімен ойнауға құштар екендерін біліп танауымды шүйіремін. Апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы бар. Шынымды айтсам, бізді асыраған - осы келі мен астау. Тіпті бізді ғана емес ертеректе әкеміздің,оның іні қарындастарын асыраған - осы келі мен астау екен. Ол тіпті әкемнен де үлкен. Олар апамның төркінінен Алтайдың арғы бетінен келген аса чқымбат заттары болатынВопросы:1.Апасы қандай адам болған? Ол не істей алған?2. Автор келі мен астау жайлы қалай жазған3. Апасының ең қымбат заты не? Бұл зат не себепті қымбат болды?