Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де...

0 голосов
185 просмотров

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді. НАПИШИТЕ ПОЖАЛУЙСТА МНЕНИЕ О РАССКАЗЕ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ! ЗАРАНЕЕ СПАСИБО!!


Қазақ тiлi (14 баллов) | 185 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Өмірде адамның жақсысы да, жаманы да бар. Осы адамдардың жақсы да жаман да болуы кішкентай кезінен басталады. Ата-ана оз баласын қалай тәрбиелесе солай өседі. Егер балаға күтім болмай ата-ананың қарауынан қалса сол жаман қисық өскен ағаш сияқты өседі.

(68 баллов)