2-тапсырма : Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ауа райын болжау
Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай, қонақтап отырса, қар жауады. Олар
қосылып шиқылдаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге топталса, суық болады.
Бұл – боран алдындағы көрініс. Бозторғай әндетсе, сауысқандар шатыр астына тығылса
боран болады.
Тауық бұрынғысынан жоғары қонақтаса, қатты аяз болады. Әтеш, қаз бір аяғымен
тұрса, аяз болады. Тауық аяз боларда қанатын қағады.
Жылқы жылы боларда жатады, аяз боларда тұрады. Боран боларда қорылдайды.
Қоян жатар орнын бұрынғысынан биіктете түссе, ауа райы бұзылады.
1) Жетінші сөйлемдегі зат есімдерге көптік жалғау жалғап жаз.
_____________________________________________________________________________
____
2) Жылқы деген сөзді үш жақта тәуелде.
_____________________________________________________________________________
____