Н . Айтұлы бабалардың арманы жүзеге асып , тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықтан мәртебелі орын алып , жаңа елорда Астананың бой түзеп сәулеті артқанын « Бәйтерек » поэмасы арқылы қапысыз мүсіндейді . Ақынның суреттеуінде « Бәйтерек » — елорданың ғана емес , күллі Қазақ елінің арман - мұратын әйгілеген рәміз , тәуелсіздігіміздің асқақ миуалы мұнарасы .