.«Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай» - Қай өлеңнен үзінді?

0 голосов
127 просмотров

.«Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай» - Қай өлеңнен үзінді?


Қазақ тiлi (23 баллов) | 127 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Ответ:

Қажым Жұмалиев. Абайдың табиғат лирикасы

(150 баллов)
0 голосов

Абай Құнанбаевтың "Күз" өлеңінен үзінді

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен.

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы

(34 баллов)