Ответ:
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.XXI ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қадғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлсп жазған аға-апаларымыздың өлеңдеріненде көруге болады:
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгі жастарының.
Желбіреп көк байрағы тұрған
шақта
Жұлдызы жарқырайды аспанының.
Ел ертеңі біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтыпта, жазыпта жатыр. Елімізді көркейту,
оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз деп білем.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің
жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші- жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен бөлісіп,еліміздің дамып, өркендеуіне үлес қосып келеді.