Эссе тақырыбы “ Отбасындағы тәрбие және ұрпақ жалғастығы” 50-60 сөз

0 голосов
409 просмотров

Эссе тақырыбы “ Отбасындағы тәрбие және ұрпақ жалғастығы” 50-60 сөз


Право (12 баллов) | 409 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихына да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дамыту – қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

(18 баллов)