Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған.Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын – күмістен әшекей жасу технологиясын керемет меңгерген.
Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сән салтанатын , байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады. Сәндік бұйымдарды оюмен әшекейлеген.
Қазақ халқында ағаш шеберлері бар. Шеберханада ағаштан бұйымдар жасайды. Ағаш шеберлері ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасайды. Оларды оюмен өрнектейді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салады. Қобыздың бетіне «мүйіз» өрнегі салынады. Ал қамшының сабына «сынықмүйіз» өрнегін салады. Шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Напиши 3 вопроса