Оқшау сөздерді (қаратпа, қыстырма,одағай) қатыстырып сөйлем құрап жаз. Алақай ,пай-пай,...

0 голосов
206 просмотров

Оқшау сөздерді (қаратпа, қыстырма,одағай) қатыстырып сөйлем құрап жаз. Алақай ,пай-пай, әттеген-ай, амал қанша, менің ойымша, ең әуелі , балам ,атамжан​


Қазақ тiлi (26 баллов) | 206 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Алақай, мен жарыстан жүлделі орын иелендім!

Пай-пай, шіркін, Алатау неткен асқар едің!

Әттеген-ай, барлық адам Абай атамыз секілді ғылым, білім сүйетін болса екен!

Амал қанша, уақытты кері ауыстыра алмаймыз!

Менің ойымша, сенің де ісің дұрыс болмаған секілді.

Ең әуелі, жақсылап ойлан, содан соң іске кіріс!

Мен сенен көп үміт күтемін, балам!

Қарашы, Атамжан, мына сүйкімді күшікке!

(38 баллов)