Помогите люди добрые​

0 голосов
43 просмотров

Помогите люди добрые​


image

Қазақ тiлi (133 баллов) | 43 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Айдос :Сәлем, жағдайың қалай? Бүгін мектепке неге кешігіп келдің?

Нұрбек :Сәлем, бәрі жақсы,рахмет. Өзің қалайсың? Жолда бір әжені көріп қалып, бағдаршамның әр жағына өтіп кетуіне көмек бердім, сондықтан кешігіп қалдым.

Айдос:Менде де бәрі жақсы. Түсінікті, сен бір жақсы іс жасапсың. Қазіргі жастар сен секілді болып қарттарға көмек берсе ғой.

Нұрбек:Әрине, менде солай болғанын қалаймын. Қарттар біздің қазынамыз емес пе. Біз ол кісілерді сыйлап, құрмет көрсетуіміз керек.

Айдос:Дұрыс айтасың. Қарт адамдарға қолдан келгенше көмек беру керек. Мысалы :жолдан өтуіне көмек беру, сөмкелерін көтерісу, автобустан орын беру.

Нұрбек:Жастарымыздың тәрбиесіне байланысты барлығы. Ата-анасы қандай қылып тәрбиелесе, балада сондай болып өседі.

Айдос:Ия, оның рас. Жастар қазір заманға байланысты өзгеріп барады.

Нұрбек:Бірақ заман өзгерсе де, адамгершілігімізді сақтайық.

Айдос:Айтқаның өте орынды. Тек болашақ - жастардың қолында екенін естен шығармайық. Қарт адамға не көрсетсен, алдына сол келеді деген. Жақсы онда, ертең көріскенше. Сау бол!

Нұрбек:Өте орынды сөздер айттың. Сау бол!

(3.4k баллов)