Қазақ халқы сан ғасырлыр бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату тіршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы – тәуелсіздікке халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткіздік.
Кең даладан, бос даладан не пайда,
Кең далада бостандығың болмаса, - деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы – азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді. Сол сенімді бойында патриоттық сезімі алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл-қыздары асқан ерлікпен ақтап, қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Осындай өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқының басына күн шуағын шашқандай бейбіт, жарқын туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан .