Абаи Кунанбаев (омири олендерди)​

0 голосов
75 просмотров

Абаи Кунанбаев (омири олендерди)​


Қазақ тiлi (21 баллов) | 75 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Объяснение:

Туған кездегі есімі

Ибраһим Құнанбайұлы

Қызметі

ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер

Туған күні

10 тамыз 1845

Туған жері

Қарқаралы, Семей облысы

Ұлты

қазақ

Қайтыс болған күні

6 шілде 1904 (58 жас)

Қайтыс болған жері

Семей облысы

Әкесі

Құнанбай Өскенбаев

Анасы

Ұлжан Асанова

Жұбайы

Ділдə

Шүкіман (Əйгерім)

Еркежан

Балалары

Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан

Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

(79 баллов)