Алматы қаласына саяхат туралы диалог құрастыру.
Нұрлыбек: Күзгі демалыстың басталуын сондай асығыс күтіп жүрмін... Енді төрт күн қалды.
Еркеғали: Неліктен сонша күтіп жүрсің?
Нұрлыбек: Ата – анам осы жолы демалыс уақытында Алматы қаласына отбасымызбен барып, демаламыз деп уәде берген болатын.
Еркеғали: Қандай, керемет! Мен Алматыда әлі болып көрген жоқпын. Әсем қала деп естігенім ғана болмаса.
Нұрлыбек: Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой.
Еркеғали: Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Серуенлейтін жерлер де көп шығар?
Нұрлыбек: Әрине, өте көп. Әркім өзінің жан қалауы бойынша серуендейтін жер таба алады. Бірақ, міндетті түрде Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көру керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки теуіп, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына бару міндетті деп санаймын. Бұлар, енді, ойын – сауық орталықтарын қоспағанда ғана.
Еркеғали: Мен де сәті түскенде барармын. Саған сәтті сапар тілеймін!
Нұрлыбек: Рахмет, Алматының әйгілі апортын сәлемдеме ретінде алып келемін.
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/26218218#readmore