Ответ:
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды.
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) – Кеңес одағының фашистік Германияға және Еуропа Одақтастарына қарсы жүргізген соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия бейбітшілік туралы келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады.