Ответ:
Айбар. Махамбет ақын Исатайдай қолбасшысының портретін бергенде:
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім! —
дейді. Мұндағы айбар сөзі қазірде айбат, айбын, ызбар сөздеріне мағыналас деп танылады. Бәрінде де "қорқытатын, сұс көрсететін" деген мән бар. Тегі, бұл сөздер мәндес болғанымен, олардың поэтикалық образ жасаудағы салмақтылығы бірдей еместігі байқалады. Қырғыз тілінде айбар сөзі сұс көрсететін, таяныш-тірек ететін нәрсе мағынасында жұмсалады да, айбат сөзінен ("қаталдық, қорқынышты түр") бірсыпыра ажырап тұрады. Сірә, қазақ тілінде де бұл екі сөз таза синонимдер емес, яғни мағыналары бірдей емес.
Объяснение: