2. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиынтығы. Әр...

0 голосов
278 просмотров

2. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиынтығы. Әр жасушаға тән сипаттаманы таңдаңыз, + қойыныз​


Биология (41 баллов) | 278 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

ОбъяснЖоғары сатыдағы гүлді өсімдіктерде 2 жұп гаметалар бір мезгілде қосылады. Гүлді өсімдіктердің: көбею мүшелері: гүланалық (аналық мүше) және аталық (аталық мүше). Гаметалар осы мүшелерде пісіп жетіледі. Пісіп жетілген тозаң дәні қауызбен капталған және екі гаплоидты: жынысты және өсімді жасушасы болады. Жалпы алғанда тозаң ұрықтану үдерісіне жақсы бейімделген. Егер өсімдік желмен тозаңданатын болса, онда өсімдік тасымалды жеңілдету және ұрықтану мүмкіндігін арттыру үшін құрғақ, жеңіл тозаңды көп өндіреді. Егер бунақденелілер тозандандыратын өсімдік болса, онда тасымалдаушылардың (көбелек, түкті ара, шыбын, т.б.) денесіне жабысу үшін әдетте тозаң кедір-бұдырлы болып келеді. Тозаңның қауызы да гүлдің гүланалық аузына тұтылатындай болып құрылады. Әр алуан түрге жататын өсімдіктер гүланалық аузымен химиялық және механикалық үйлесімсіздіктерден будандаса алмайды. Ұрықтану соңынан тозаң тұтікшесінде өну үдерісі басталады. Мұны өсімді жасуша іске асырады. Жынысты жасуша бір рет митоз жолымен бөлінеді. Соның нәтижесінде ұрықтануға қатысатын екі гаплоидты аталық жасуша (спермий) пайда болады. Аналық жыныс жасушасы аналық аузындағы жатын ішінде болады, бұлар «ұрық қапшығы» деп аталады. Дұрысырақ айтқанда ұрық қапшығынын, ішінде сегіз гаплоидты ядро қалыптасатын өте үлкейіп өскен бір жасуша деуге болады. Сегіз ядроның біреуі жұмыртқажасуша болып шығады, екі ядросы қосылып, «косарланған орталық жасуша» түзеді, ал қалған ядролардан қосалкы жасушалар калыптасады, олар үрықтануға қатыспай, тіршілігін жояды.

Сонымен, гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында гаплоидты (жалғыз-жалғыздан) жұмыртқажасуша, диплоидты (қосарланған) орталық жасуша және тағы бес гаплоидты ядро немесе жасушалар қамтылады, соңғыларды ескермесе де болады. Ұрықтану мезетінде аталық жасушаның біреуі жұмыртқажасушаға, екіншісі диплоидты орталық жасушаға қосылады. Қосылу нәтижесінде жұмыртқажасуша және аталық жасушадан - қосарланған зигота, ал орталық жасуша және екінші аталық жасушадан үшплоидты эндосперм (тұқымның қоректік заттар қоры) түзіледі. Қосарлы ұрықтану ретіндегі мұндай күрделі үрдіс өсімдіктерге икемді материалды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұрықтың түзілуі сенімсіз болса, гүлді өсімдіктер қоректік заттарды биосинтездеуге энергия шығындамайды.ение:

(94 баллов)
0

Это не тот ответь который я хотел видить

0

у меня тоже

0

просто FU**