Ответ:
Шайтанкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан.Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді. Оңтүстік, батыс, солтүстік жағаларын қоршап тұрған жартастардың биіктігі 10 м және одан да биік. Қар, жаңбыр суымен толығады.
Жартылай бұзылуға ұшыраған қатқабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған. Жауын-шашын мол жылдары артық су шарасынан асып, оңтүстік жағасындағы науа тәрізді арнамен ағып кетіп отырады. Көл құрғамайды. Жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы, тағы басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады. Көлдің ғылыми, тарихи, туристік маңызы зор. С.Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасында осы көлдің көркі әдемі өрнегін тапқан. Жазда көл — әйгілі демалыс орны.[1]