Өтініш"ардагерлеріміз-ардақтыларымыз"мақала жазып беріндерші(100-120 сөз) ​

0 голосов
106 просмотров

Өтініш"ардагерлеріміз-ардақтыларымыз"мақала жазып беріндерші(100-120 сөз) ​


Қазақ тiлi (18 баллов) | 106 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Жуалы өңірінен батырлар да, жыраулар, ақын-жазушылар мен жезтаңдай әншілердің де көптеп шыққанына халық куә. Бүгінгі әңгімеге өзек болғалы отырған Жолдасов Әбдікерім атамыз да сондай тұлғалар қатарынан екендігі даусыз. «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің құрылған күні» мейрамы қарсаңында мақала жазу үшін арнайы іздеп барған бізді құшақ жая қарсы алған ардагердің отбасы дастархан жайып әлек. Сәлден соң мән-жайға қаныққан Әбдікерім атамыз өзінің атқарған еңбек жолын  айта бастады. Еңбек жолын 14 жасынан  ауылдық жем шөп қоймасында  қызмет атқарған, соғыстан соң 1951 жылдан бастап, 25 жыл теміржол саласында, Райпотребсоюз мекемесінде 1965 жылдан 1976 жылдар аралығында  зейнеткерлікке шыққанға дейін Жуалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Аталған бөлімде қызмет атқара жүріп түрлі апаттар

мен өрт оқиғаларын дер кезінде ауыздықтау, адамдарды тілсіз жаудан түрлі жауын-шашын т.б апаттардан арашалау секілді іс-шараларда жеке құрамды тәжірибелі түрде жұмылдыра отырып дұрыс бағыттар көрсете білді.

(20 баллов)