Составить диалог с числительным 1 мамыр 1941-1945 годы великой отечественной войны **...

0 голосов
35 просмотров

Составить диалог с числительным 1 мамыр 1941-1945 годы великой отечественной войны на казахском​


Қазақ тiлi (59 баллов) | 35 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

1 мамыр жайлы диалог.

- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?

- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.

- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?

- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттайтын мереке.

- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.

- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.

- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?

- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!

(239 баллов)