Ответ:
1Қазақстандағы ұлт өкілдері туралы не білесің?
Қазақстанда байырғы қазақ ұлты және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрадыЕлдегі орыс ұлтының өкілдері - 21,8%, өзбектер 3%, украиндар 1,8%, ұйғырлар 1,4%. Салыстырмалы түрде кәрістер, дүнгендер де аз емес.
2.Олар Қазақстанға қашан қалай келді?Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шенді орыстар болды. Украиндықтардың:елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді.
Татарлардың: келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды.
Белорустар:Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтеріліс қатыгездікпен басылғаннан кейін келді.
Немістер:Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді.
Поляктар: Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді.
3.Қазақстан халқы ассамблеясы туралы не білесің?
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.