Ответ:
І-ІІІ ғасырларға тән әшекей бұйымдар мен археологиялық жәдігерлер Ұлттық музейдегі көрмеге қойылды. Сол заманның зергерлері әшекейлер жасауда күмісті ерекше бағалаған. Сондықтан көрмеде негізінен осы металдан жасалған білезік, жүзік, маңдайша, моншақты тұмар сынды қолөнер туындыларын көруге болады. Олар әу бастан күнделікті тұрмыста, алқалы жиындарда әсем көйлектерге қосымша безендіру ғана емес, өз иесі жайлы ақпарат бере алатын құнды бұйымға айналған