Ең жақсы адам кім? ​

0 голосов
2.5k просмотров

Ең жақсы адам кім? ​


Другие предметы (14 баллов) | 2.5k просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Абай жақсы адамның кім екенін отыз сегізінші сөзінде былайша талдап берген. Ол үшін, оның Хауас сәлим деген ой-тұжырымына назар аударайық. Хауас сәлим – араб сөзі, оның қазақша мағынасы адамның өзіне тән болған дұрыс қасиеті, мінез-құлқы. Бұл дұрыстыққа адам қалай жеткен дегенді Абай былайша түсіндірген. Адамның Хауас сәлим, яғни, жақсы адам атануы үшін, оған алты шарт қажет, олар: жақсы тән саулығы, жақсы туыс, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз. Міне, жақсы адам болу үшін қажетті шарттар. Бұл – жақсылықтың өлшемдері. Ал енді, Шәкәрім қойған сауал, «Ең жақсы адам не қылған кісі?» дегенге келсек, оған жауапты тағы да Абайдың өзінен табамыз. Абай айтады, жоғарыда айтылған қасиеттері болған соң, оның «аты адам болады», яғни, жақсы адам атанады. Бірақ ол қандай істерімен жақсы атанбақ, олар: «Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық…» (2-т., 190-б.). Жақсы адамның алдында үнемі осындай үш мәселе болмақ, солардың нәтижесінде оның адамдығы айқындалмақ, яғни, жақсы адам атанбақ.

Енді осы адамды жақсы кісі атандыратын үш мәселеге қысқаша тоқталайық.

дұрыс па?

(326 баллов)