Шығарма "Менің күн тәртібім" 180 сөз

0 голосов
494 просмотров

Шығарма "Менің күн тәртібім" 180 сөз


Қазақ тiлi (654k баллов) | 494 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Менің күн тәртібім.

Мен өзім құрастырған күн тәртібіме сәйкес ең алдымен ерте тұруды әдетке айналдырғанмын, яғни таңғы алты жарымда тұрамын.

Онан соң есік алдына шығып жаттығу жасаймын, аздап жүгіремін, барлығы бұған жарты сағат кетеді, алты жарымнан жетіге дейін.

Үйге кіріп жуынып, шайынамын, онан соң таңғы асқа жарты сағат уақыт бөлемін, жеті жарымға дейін.

Мектепке он бес минут жүріп барамын.

Сағат сегізде сабақ басталады.

Сағат он үшке дейін мектепте боламын.

Он үш отызда үйге келемін, түскі ас ішемін, он төрт отызға дейін.

Сағат он беске дейін демаламын.

Сағат он бестен он жеті сағатқа дейін ертеңгі сабаққа дайындаламын.

Он жеті сағат он тоғыз сағат аралығында үй шаруасына көмектесемін.

Он тоғыз сағаттан, яғни кешкі жетіден түнгі онға дейін әр түрлі істермен айналысамын, кітап оқу, теледидар көру сияқты.

Кешкі сағат онда ұйықтауға жатамын.

Объяснение:

(126k баллов)