Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан .
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесін иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.