Жер жәннаты - Бурабай, асыл мекен,
Бурабайға сан ақын ғашық екен.
Көркінен шабыт алып өне-бойы
Жүректері лүпілдеп, тасыды екен.
Бурабайға барыңдар, ләззат алып
Қайтыңдаршы, күш жинап, рахаттанып.
Сұлулығын көріңдер Бурабайдың
Шымырланып, қайратпен масаттанып.
Бурабай - тауларыңа не жетеді?
Жұмбақ тасың сиқырлы ел етегі.
Айна көлің, айналаң бір тамаша
Таусылмайтын мәңгілік бір ертегі.