2-тапсырма: «Артығын тап» әдісі. Мәтіннің ішінен қажет емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, жинақы мәтін жазыңдар. Отырар кітапханасы Жібек жолы бойымен кіре тартқан көпестер мен қала тұрғындары ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне қала макеті, кітап, суретті альбом сыйлауды дәстүрге айналдырды, тіпті бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды, міндетті еді. Бұқаралық ғұлама Рузбехан: «Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды, оқулықтарды тек қала тұрғындары емес, шалғайдағы Сығанақ қаласының тұрғындары да пайдаланып отырды»,-деп жазады. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы - Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде өртке оранды, жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүниежүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды.Солардың ішіндегі ең атақтысы-біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби мен Мәшһүр Жүсіп. Ол әлемнің екінші ірі кітапханасынан білім нәрімен сусындап өсті, білімін жетілдірді. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры бай кітапхана мен қала шапқыншылардың аяғына тапталады. Бұл 1218 жылдың күзі болатын.