Ғарышкерлерді дайындауҒарышкер болу үшін ұзақ уақыт дайындық керек. Оларды қатаң...

0 голосов
103 просмотров

Ғарышкерлерді дайындауҒарышкер болу үшін ұзақ уақыт дайындық керек. Оларды қатаң тексеруарқылы таңдап алады. Ғарышкерлерге денесін шынықтыру үшін көптегенжаттығулар жасауға тура келеді. Ұшу кезінде ғарышкерлер ғылыми-зерттеужұмыстарын жүргізеді. Ол үшін ғарышкерлерге терең білім қажет.Жердегі өмірге қарағанда ғарыштағы өмірдің айырмашылығы көп.Ғарыш кемесі Жер орбитасына шығысымен-ақ ондағы барлық зат салмақ-сыздық күйге көшеді. Ғарыш кемесінен шығу үшін ғарышкерге скафандржәне ауа толтырылған баллон киюіне тура келеді. Ғарыш кеңістігіндеЖердегідей тартылыс күші болмағандықтан, ғарышкерлер кеме ішіндеқалқып жүреді. Төңкерілген стақаннан су төгілмейді. Стақаннан суды сіл-кілеп шығарғанның өзінде су шарға айналып, ауада тұрып қалады. Қозғалуүшін ешқандай күш жұмсаудың қажеті болмайды. Ауада жүзіп, қалықтапжүруге тура келеді.Бұл құбылыс «салмақсыздық» деп аталады. Салмақсыздық жағдайындаөмір сүру сүйектердің жұмсарып, бұлшық еттердің босауына әкеп соғады. Сон-дықтан күнделікті жаттығулар жасап отыру керек.Ғарыш кемесі ғарышкерлерді қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететіндейқұрастырылады. Сондықтан да адамдардың ғарышта бірнеше ай қалуына мүм-кіндік бар.( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан) Тірек сөз табу керек​


Қазақ тiлi (37 баллов) | 103 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:ғарыш, ғарышкерлер,уақыт, жаттығу,скафандр,кеме,жер,т.б

Объяснение:

(40 баллов)