Ответ:
Менің қуыршағым бар. Өзі сондай әдемі. Оны дүкен сөресінен көргенде бірден ұнаттым. Қуыршақтың екі ұзын бұрымы бар екен,өзін қазақтың ұлттық киімімен киіндірген. Басында желекті сәукелесі де бар. Аяғына жұмсақ етік кигізілген. Өзін қолынан ұстасаң еріп жүреді. Мамама алып беоуін өтіндім. Үйге келген соң оған Айжүз деп ат қойдым. Қазақта сұлу қыздарды "жүзі айдай көркем" деп сипаттамай ма,сол секілді менің Айжүзім де өте әдемі көрінеді. Айжүзбен сөйлесемін,мектептен келген соң алдыма отырғызып қойып,әңгімемді айтамын.Сабағымды жазғанда қарап отырады. Айжүзбен отырсам,өзімді жалғыз сезінбеймін.
Объяснение: