Ответ:
Міне, жазғы демалысқа да шықтық. Мен бұл демалсты өте жақсы көремін. Өйткені,жазда жайлауға барамын. Онда атам мен әжем тұрады.Жайлауымыз таудың етегінде орналасқан,табиғаты өте әдемі.Көк майса шөп жамылған далада жасыл кілемнің үстінде жүргендейсің. Таулардың басында қар жатыр.
-Ээ-й! Ақбас таулар,мен келдім!
Жайлауда киіз үйде тұрамыз. Түнде түндік түрулі тұрса,жұлдыздарға қарап жатып,ұйқыға кетесің.Әжем ертемен самауыр қайнатады. Мен өзімнің досыма жеткенше асығамын. Оның аты -Қызылкүрең. Өзім тай күнінде бас үйреткенмін.
-Шүу,жануар!Көрсет маған жайлауды!
Объяснение: