11-тапсырма. Әжеңе не анаңа хат жазып, қалай жақсы көретініңдіжеткіз. Жақсы көргенде...

0 голосов
203 просмотров

11-тапсырма. Әжеңе не анаңа хат жазып, қалай жақсы көретініңдіжеткіз. Жақсы көргенде айтатын сөздеріңді жаз. Хатта: «Қымбатты».«Денсаулығыңыз қалай?», «Сіз мен үшін», «Деніңіз сау болсын!», «Риза-мын!», «Рақмет!» Т.С.С. ұлттық әдепке сай этикеттік сөз орамдарын қолдан.ну помогите пж


Қазақ тiлi (32 баллов) | 203 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Хат.

Қымбатты, әжетай! Сәлеметсіз бе? Денсаулығыңыз қалай? Білесіз бе, мен сізді қатты сағындым! Менде бәрі жақсы. Сабағымның бәрі бестік. Сізге барарда міндетті түрде күнделігімді алып келемін, көресіз әлі. Сіз мен үшін дара жансыз. Себебі мен сіздің тәрбиеңізден нәр алдым ғой.

Мені "әжесінің баласы" дейтіндерге ризамын. Деніңіз сау болсын. Аман-есен жүре беріңіз. Сіздің ыстық алақаныңызды аңсап жүрмін. Тезірек жазғы демалыс басталса екен деп жүрмін. Айтпақшы, маған беріп жіберген құртыңыз үшін рақмет! Бұйырса сізге де жетермін..

Немереңіз (сенің есімің/твоё имя).

(17.0k баллов)