Аю мен қонжық.
Ертеде бір ну орманда жалғызбасты аю өмір сүреді. Ол өз күнін өзі көріп үйренген еді. Оған қоса айналасынан өзі секілді ешбір аюды кездестірмеді. Бір күні аю өзендегі балықтармен азықтанып алған соң, бір ағаштың діңіне арқасын қасып тұр еді, төмен қарап қалса кішкентай қонжық аюдың ісін қайталап тұр екен. Аю оған мән бермей ағаштың маңында өсіп жатырған жидектерді жеп жүрді. Қонжық та соңынан қайталайды. Аю есінеп еді, қонжық та қалыс қалмады. Солай жүргенінде қонжықтың анасы ақырып, олар жүрген жерге келіп жетті. Аю кішкентай досына және өзі секілді аюлардың да бұл мекенге келгеніне қатты қуанған еді.