Ответ:
Еліміздің жастары білімді болуы керек.Өйткені, білімсіз адамның қолынан ештеңе келмейді. Ол қоғамға өз үлесін қоса алмайды.
Жастар отансүйгіш болуы керек. Өз Отанын сүйген адам ғана оған адал қызмет етеді, туған елін жаудан қорғайды.
Жастар белсенді болуы керек. Ол дегеніміз- өз елінің тағдырына жанашырлықпен қарау, немқұрайлы қарамау. Қай салада жастарға сұраныс бар, сол саланы көтеруге үлес қосу.
Жастарымыз ақылды болуы керек.Қандай жұмысты ақылмен орындаса ғана нәтиже болады. Ақылсыз адамнан қоғамға келетін пайда жоқ. Ондай адамда өзінің пікірі болмайды.
Жастар еңбексүйгіш болуы керек.Себебі, қандай жетістік болсын, табыс болсын еңбекпен келеді.Қазақта "Еңбек етсең-емерсің"- деген мақал бар. Бұл сөз еңбектенбесең, тамақ та өзі келмейді дегенді білдіреді.
Объяснение: