Сагыныш туралы эссе керек

0 голосов
80 просмотров

Сагыныш туралы эссе керек


Қазақ тiлi (19 баллов) | 80 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Объяснение:Қымбатты менің анашым! Қайда барсам да, қандай көңіл күйде болсам да сен менің жанымдасың. Сенімен сырласу, сенімен ақылдасып жүру менің дағдыма айналғалы қашан?! Жаңа бір киім киіп айнаға қараған сәттерімде немесе ас уйде жаңа бір тәтті тағамды әзірлеген кезде Сіз менің сыртымнан бақылап, сүйсіне қарап тұрғандай сезінемін. Кейде іштей сөйлесіп тұрғанымда өз қуанышымды жасыра алмай бас изеп, қалай күлімсіреп тұрғанымды өзіім де байқамай қаламын.

Қымбатты менің анашым! Мен Сізден қол үзіп қалғанымда оң-солын танымаған сәби едім. Бірақ Сіздің жарқын бейнеңіз бен әсем үніңіз менің жүрегімде кешегідей сақтаулы.

Әлі есімде, көрші үйдің ауласынан әдемі гүлді жұлып алып Сізге алып келгенім. Сонда Сіз жай ғана үнмен:

‒ Күнім менің, бұл әдемі гүл ғой. Оны жұлуға болмайды. Гүл өсіп тұрғанда ғана құлпырады, жан-жағына қуаныш сыйлайды. Есіңде болсын, барлық дүниедегі тіршілік атаулыны жұлуға, қорлауға болмайды. Мен сенің оларды аялап, қорғағаныңды қалаймын, -дегенің.

(18 баллов)