Ответ:
Жұлдыздарды санамайды.
•Жұлдыз санаса, өлім-жітім, жаманшылық көп болады.
•Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.
•Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім-жітім шақыратын жаман ырым.
•Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «менің жұлдызым жоға-
•ры» дейді.
•Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
•Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
•Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
•Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
•Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
•Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.