Суретте қазақ халқының дәстүрлі ұлтық заттары бейнеленген. Біз суреттен ер-тоқым, қару-жарақ түрлерін және оюмен әрленген ыдыс-аяқтарды көреміз. Бұл жерде бұрынғы төл ата-бабамыз қолданған заттар көрсетілген. Ата-бабаларымыз өз заманында ерекше қолданып, пайдаланған. Суреттегі заттар киізден, ағаштан жасалған. Қазір дәстүрлі заттарды мұражайлардан көре аламыз. Ұлттық нақыштағы заттарымыз біздің ұлттық мақтанышымыз.