Мен суда жүзіп үйренгім келді. Достарым бассейнге баруға ұсыныс берді. Сөйтіп мен суда жүзу үйірмесіне жазылдым. Сәрсенбі, жұма сайын осында келемін Мұнда мен секілді балалар көп екен. Бәрі суда жақсы жүзіп жүр.Суда жүзу денсаулыққа пайдалы, дене бітіміңді түзу болады. Өкпемен тыныс алуың жақсарады. Бассейн суы сондай мөлдір,таза. Қанша жүзсең де шаршамайсың!