Ана тілін құрма мен де құримын дәлелдеу эссепожалуйста дайте эссе срочно!!!!​

0 голосов
75 просмотров

Ана тілін құрма мен де құримын дәлелдеу эссепожалуйста дайте эссе срочно!!!!​


Литература (28 баллов) | 75 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Ана тілің - аты айтып тұрғандай, сенің анаң сөйлеген тіл.Өз Анаңды қалай құрметтесең,сыйласаң,бағаласаң және Анаңа қандай қамқорлық жасасаң, Ана тіліне де дәл солай қарау керек. Ана тілін де құрметтеп,оған қамқор болуың керек. Өйткені, тіліміз бізге Ананың сүтімен дарыған. Неліктен Ана тілі туралы сұрақ осы уақытта туындап жатыр?Неліктен дәл осы кезде біз Ана тілімізді қорғау,қастерлеу туралы мәселені көтеріп жатырмыз?

Менің ойымша, қазақ тілінде сөйлей алмайтын, оны түсінбейтін,өз тілінде жаза алмайтын "қазақтар" қатары көбейіп кетті. Тырнақшаның ішіндегі қазақтар-шала қазақтар. Өз тіліңді білмесең, Ана тіліңді түсінбесең, оның тұнығын қанып іше алмайсың.Тұнығы деп отырғаным- көркем әдебиет туындылары. Қазақ классик ақын-жазушыларын Ана тілінде түпнұсқадан оқыған адам ғана,тіліміздің байлығын,сөздеріміздің қолдану аясының кең екенін көре алады. Орысша білім алып жатқандар үшін бұл әрине, қиын да түсініксіз болуы мүмкін.Өйткені, тәрбие орысша болғандықтан, ойлау да қазақша болмайды. Олай дейтінім, кейбір басшы аға-апаларымыздың өз ойын мінберден қазақша жеткізе алмайтынын теледидардан көріп жүрміз. Осының бәрі- Ана тілді білу маңызды деп ойламаудан. Ана тілін әрбір адам сақтауы керек. Өйткені, тілің арқылы әлем сені таниды. Ана тілінде сөйлемеу-ұят,Ана тілін білмеу-ұят,Ана тілін түсінбеу-ұят. Айналып келгенде адами тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да, ар-ождан тұрғысынан да Ана тілін сүймеу әдептілікке жатпайды. "Өшсе тілім мен де бірге өшемін"-деп қазақ ақыны жырлағандай, тіл құрыса сол тілдің иесі де жоқ деген сөз. Сондықтан Ана тілімізді насихаттайық, қолдайық,қорғайық!

Объяснение:

(7.0k баллов)