Ответ:Торғай өзі дене тұрқы кішкентай, қашан көрсең көңілді шырылымен биікте олай-бұлай ұшып жүргені. Оның қылығын бақылау қызық-ақ. Өзі адамнан қорқа қоймайды, көбіне ұямын үйдің шатырының астына салады. Кейде,әсіресе көктемгі уақытта ұяның тұсынан жерде түсіп жатқан қызыл-шақа балапанды көресің. Жақын маңда балапанын қорып анасы отырады, байыз таппай арлы-берлі шырылдап қояды.Ондайда мен ағама айтып, балапанды ұясына салдырамын. Кішкентай да болса,құс та болса мейіріміне таңқаламын.
Объяснение: