Көктем келді.Мұз еріді, жылғалардан су ақты.Табиғат оянды.Ағаштар бүршік жара бастады.Құстардың кейбірі ұшып келіпті.Олар ұя сала бастапты.Ашық алаңқайлар мен көгалдарда былтырғы жылдан қалған шөптер мен гүлдер қар астынан көрініп тұр. Жануарлар ұзақ ұйқысынан оянды.Күн ұзарып,түн қысқарды.Барлығы көңілдірек бола бастады.Күн жарқырап тұр. Көктем мен үшін жаңалықтар мен оқиғаларға толы болатын ең жақсы жыл мезгілі сияқты.