Помогите пожалуйста с ЭССЕ ** казахском, тема: "Өнер және жаңашылдық". 120 слов. Заранее...

0 голосов
64 просмотров

Помогите пожалуйста с ЭССЕ на казахском, тема: "Өнер және жаңашылдық". 120 слов. Заранее благодарю!Даю 25 баллов


Қазақ тiлi (12 баллов) | 64 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Өнер тілі әрбір адамға түсінікті, аударуды қажет етпейді.Мәселен, музыканы алайық, қай елдің әуені болса да,оның ырғағынан, көңіл-күйінен,аспаптың даусынан, ооындаушының ойнағанынан не туралы шығарма екенін түсінуге болады. Сол тәрізді қылқалам шеберлерінің туындыларын суреттеріне қарап оңай түсінуге болады. Ән өнері, би өнері де солай. Ал енді осы өнер қашан, қалай пайда болды деген сұраққа дәл,нақты жауап бере аламыз ба? Өнер бір мына уақытта шықты деп айту оңайға соқпас, өйткені ол біртіндеп дамиды, өзгеріске ұшырап отырады,демек жаңарып отырады. Ең алдымен, атп-бабаларымыз өздерінің тұрмыс-тіршілігін тасқа салып қалдырды десек, сол өнердің өзі қандай жаңарғанын бәріміз білеміз. Салатын құралы, материалы, тіпті суретшісі де өзгерді емес пе? Өнерге әрдайым жаңашылдық керек-ақ, өйткені өнер-шыңармашылық,ал шыңармашылық ой-қиял әлемінің туындысы десек, адамның қиялы шексіз. Өнео заман ағымына байланысты, талабына байланысты, автордың жеке ой-толғаныстарына байланысты жаңарып отырады. Сол кезде ол халыққа қызмет етеді, сұранысқа ие болады. Дегенмен, жаңашылдық осы екен деп, сапасыз әндер,өлеңдерді немесе басқа да шығарма түрлерін халыққа ұсынудың,насихаттаудың қажеті жоқ.Олардың ғұмыры ұзаққа бармайды.Халық өзі саралап, ұнағанын, дұрысын ұрпағына жеткізіп отырады.Себебі, өнеріміз арқылы өмірімізді, болмысымызды, тарихымызды кейінгі ұрпаққа танытамыз.Сондықтан әр заманның өзіне сай өнері жаңашылданса, өте дұрыс деп ойлаймын.

(7.0k баллов)
0

Спасибо большое

0

Пожалуйста,рада была помочь