Компьютер дегеніміз - ақпаратты арнайы алгоритм бойынша қабылдау, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметы - есептеу деп саналатын. Ал қазір - басқару. Қазіргі кезде компьютер арқылы құжаттармен, электронды поштамен жұмыс істеуге, ойын ойнауға, веб-парақшаларды ақтаруға, сонымен қатар кестелермен, презентациялармен жұмыс істеуге болады.