Құстар біздің досымыз. Елімізде бес жүзге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды, сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Жыл құстары - салқын түссе, жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келеді. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна және тағы да көптеген құстар жатады. Құстар өзінің ұяларың үйдің, ауланың айналасына салады. Үй салуды адамдар қарлығаштан үйренген. Ал орман қорғаушысы деп қараторғайды атауға болады. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген. Азаматты - сұңқарға, сұлуды - аққуға, ер жігітті - жапалаққа теңеген. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды күтіп, бағуымыз керек, себебі құстар біздің достарымыз.