Байконыр реферат где можно найти

0 голосов
83 просмотров

Байконыр реферат где можно найти


Қазақ тiлi (12 баллов) | 83 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілудеБайқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қалаТөретам темір жол стансасынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11°С, кейбір күндері -35°С-қа төмендейді; шілдеде 26°С, кейбір күндері 45°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген..Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

(179 баллов)