Отирик айтуга болмайды эссе казакша баскаша

0 голосов
151 просмотров

Отирик айтуга болмайды эссе казакша баскаша


Қазақ тiлi (14 баллов) | 151 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақта өтірік айту- өрге баспайды дегег даналы сөз бар. Ал ислам дінінде өтірік сөйлеу – күнə. Өтірік дегеніміз, шындықты жасырып айту немесе ақиқатты бұрмалап, шындыққа жанаспайтын мəлімет жеткізу.

Адамдарға өтірік айту – арсыздықтың белгісі. Өтірік адамның еңбегін күйдіріп, жоқ ететін қате амалдардың санатына жатады. Өтірікті – адамның ашық дұшпаны екенін Абай атамыз былай айтып кеткен:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз...

Бұл өтіріктің залалы басқаларға өтіп, қоғамдағы əділдік пен тəртіпті бұзып, тұрақтылыққа сызат түсіруі мүмкін. Өтірік жүрген жерде адамның бір-біріне сенімсіздігі пайда болады да, береке кетеді. Сондықтан да асыл дініміз өтірік сөйлеуден сақ болуға шақырады.

(321 баллов)